13.11.2024

Ербол Мырзабосынов әлем чемпионатына қатысқан жас боксшылармен кездесті

Ербол Мырзабосынов әлем чемпионатына қатысқан жас боксшылармен кездесті

Фото: Қр Туризм және спорт министрлігі

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биылғы 26 қазан мен 4 қараша аралығында Черногорияның Будва қаласында және сол уақытта АҚШ-тың Пуэбло қаласында өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаттарының жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесіп, жас былғары қолғап шеберлері мен олардың жаттықтырушыларын марапаттады.

Іс-шараға Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп, Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Рауан Игенев, Бокстан ҚР жастар әйелдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Жанкелді Ахметов, бокстан ҚР жастар құрама командасының аға жаттықтырушысы Мақсат Бақтыбазаров және әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Министр жас боксшылардың әлем чемпионаттарындағы табысын ерекше атап өтіп, еліміздің болашағы үшін бұл жеңістің маңызы зор екенін айтты.

Сондай-ақ спортшылардың жарқын жеңісі халықаралық аренада еліміздің абыройын арттырып қана қоймай, өскелең ұрпаққа даүлгі-өнеге екенін жеткізді.

«Жас спортшылардың әлем чемпионаттарында топ жаруы – үлкен жетістік. Бұл жеңіс ел боксшыларының бұған дейінгі жетістіктерінің заңды жалғасыекендігін көрсетеді. Сондай-ақ әлемге біз Қазақстан құрамасының жаңа, жұлдызды буынының өсіп келе жатқанын дәлелдедік. Жастар – біздің үмітіміз, еліміздің жарқын болашағы. Боксшыларымыз өздерінің еңбекқорлығы, таланты мен талабының арқасында әлемдік аренада еліміздің абыройын асқақтаты. Олардың жетістіктері жаңа буынға үлгі-өнеге болады. Жас боксшыларымыздан болашақта одан да жоғары нәтижелер күтеміз», – деді Ербол Мырзабосынов.

Айта кетейік, Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль еншілеп, алғаш рет жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Ал АҚШ-тағы әлем чемпионатында біздің боксшылар екі күміс медаль иеленді.

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Хоккей 7 сағат бұрын

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Футбол 7 сағат бұрын

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Футбол 8 сағат бұрын

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Футбол 8 сағат бұрын

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Футбол 9 сағат бұрын

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты

Бокс 10 сағат бұрын

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты