21 сағат бұрын
Аида Әбікеева ширек финалға жолдама алды
Қазақстандық қолғап шебері (63 келі) бокстан 2024 жылғы Азия чемпионатының 1/8 финалында өзбекстандық Дильфуза Бековадан басым түсті.
Азия чемпионатының төртінші күні өз мәресіне жетті. Барлық қазақстандық боксшылар келесі айналымға өтті. Тек ғана Алуа Балқыбекова сырқаттануына байланысты жарысты ерте аяқтады.