07.12.2024
Жазира Орақбаева Азия чемпионатында қола медальді місе тұтты
Фото: Pinterest
Жазира Орақбаева (52 келі) Азия чемпионатының қола жүлдегері санатында жарысты аяқтады.
Бүгінгі жартылай финалдағы жекпе жекте жеңіс Өзбекстан спортшысына берілді, 0:5.
Айта кетсек, бұдан ел құрамасынан Әйгерім Сәттібаева (48 келі) жартылай финалда сүрінді.
Бүгін жартылай финалдың алғашқы ойын күнінде ел құрамасынан енді сегіз боксшы шаршы алаңға шығады.
Жалпы, жартылай финалда Қазақстан мен Өзбекстан елдерінен 20 былғары қолғап шебері бақ сынайды.
Сондай-ақ Украина 13, Таиланд: 9, Қытай: 7, Филиппин мен Тәжікстан: 5, Қытайлық Тайпей, Моңғолия, Вьетнам 4, Жапония мен Қырғызстан 2, Камбоджа, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка 1 боксшысына сенім артады.