07.12.2024
Виктория Графеева бокстан Азия чемпионаты финалына шықты
Фото: Қазақстан бокс федеарциясы
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатан Азия чемпионатында қазақстандық Виктория Графеева (60 келі) финалға шықты.
Бүгін ол Таиланд өкілін мерзімінен бұрын жеңді. Кездесу екінші раундтың басында тоқтатылды.
Ақтық сын 10 желтоқсан күні өтеді. Викторияның қарсыласы казір Қытай-Украина жекпе жегінде анықталады.
Сондай-ақ бүгін жартылай финалда Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) Таиланд боксшысына 0:5 есебімен жол берді.
Ал бүгін Жазира Орақбаева (52 келі) мен Әйгерім Сәттібаева (48 келі) жартылай финалда сүрінді.
Бүгін жартылай финалдың алғашқы ойын күнінде ел құрамасынан енді алты боксшы шаршы алаңға шығады.
Жалпы, жартылай финалда Қазақстан мен Өзбекстан елдерінен 20 былғары қолғап шебері бақ сынайды.
Сондай-ақ Украина 13, Таиланд: 9, Қытай: 7, Филиппин мен Тәжікстан: 5, Қытайлық Тайпей, Моңғолия, Вьетнам 4, Жапония мен Қырғызстан 2, Камбоджа, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка 1 боксшысына сенім артады.