24.12.2024
Санжар Ташкенбай бокстан Азия чемпионы атана ма

Қазақстан бокс федерациясы Санжар Ташкенбайдың (48 келі) Таиландтың Чангмай қаласында өткен Азия чемпионатында Шодийор Меликузиевке қарсы жекпе-жегі жөнінде пікірін білдірді.
Құрлықтық дода финалында қос қарсылас шеберлік байқасқан еді. Бұл жөнінде Inside the Games порталы Қазақстан бокс федерациясы аталған жекпе-жекте Санжар Ташкенбайға қатысты төрешілер негізсіз есеп ашты деген пікірді ұстанатынын жеткізді. Осыған байланысты төрешілер шешімі қайта қаралып, Санжар Азия чемпионы атануы мүмкін екенін атап өтті.
Осыған байланысты Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Рауан Игенов төмендегіше түсініктеме берді.
- Кейбір дерек көздерінде осындай ақпарат шығып жатыр. Ол шындыққа жанаспайды. Рас, біз төрешілердің Санжарды нокдаунға түсті деген шешіміне келіспейміз, - деді федерацияның атқарушы директоры.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
