15 сағат бұрын
Иван Дычко жарақат алып қалды
27 желтоқсан күні өтетін бокс кешіне ауыр салмақтағы былғары қолғап шебері Иван Дычко қатыспайды.
Отандасымыз жарақатына байланысты ресейлік Виталий Кудуховқа қарсы жекпе-жекте шаршы алаңға шыға алмайды.
"Өкінішке орай, спарринг кезінде Иван Дычко иығынан жарақат алды. Медициналық тексерістен кейін кәсіби бокс комиссиясы спортшыны алдағы жекпе-жекке жібермеу туралы шешім қабылдады.
Біз Иванға тезірек сауығып кетуін тілейміз және барлық жанкүйерлерге түсіністік танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз", – делінген промоушеннің ресми хабарламасында.