15.01.2025

Степан Сикач грузиялық «Динамо» (Тбилиси) командасына ауысты

Степан Сикач грузиялық «Динамо» (Тбилиси) командасына ауысты

Қызылордалық «Қайсар» командасының қақпашысы Степан Сикач грузиялық «Динамо» (Тбилиси) командасына ауысты.

Молдовалық қақпашы Қазақстан чемпионатында 2021 жылдан бері ойнап келеді. 2021-2022 жылғы маусымда Оралдың «Ақжайық» клубының қақпасын күзетіп, 2023 жылы «Қайсар» сапына ауысқан болатын.

Осы аралықта 36 жасар голкипер жалпы QFL-де 69 ойын өткізіп, 19 матчта қақпасына гол өткізбеді.

Қызылордалық ұжымда әзірге оның орнын кім басатыны белгісіз. Команданың бапкерлері жаңа қақпашы іздеуге ниет танытып отыр.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас