15.01.2025
Таэквондодан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
Фото: sportm.kz
Таэквондодан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне Есбол Сұлтанов тағайындалды.
Қазақстандық жанкүйерлер оны Тунис құрамасында қызмет атқарғанын кезінен жақсы біледі. Ол аталған елде 2023 ылдан бері еңбек етті. 2024 жылы Париж Олимпиадасында ол тәлім үйреткен Фирас Катусси алтын алса, Мохамед Халиль Джендуби қола жүлдеге қол созды.
Нәтижесінде Есбол Сұлтанов Халықаралық таэквондо федерация тарапынан жоғары бағаланып, жыл бапкері атағына лайық деп танылды.
Оның жаттықтыруымен Тунис құрамасынан 4 таеквондошы Олимпиадаға жолдама алған еді. Есбол Сұлтанов спортшы ретінде Қазақстанның атынан 2007 жылы Бейжіңде өткен әлем чемпионатында ерлер арасында 72 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған.
Қазақстандық маманның Тунис құрамасымен келісімшарты аяқталды. Енді ол Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтыруға мүмкіндік алды.
Өткен жылы оның африкалық құрамамен келісімшарт мерзімі бітіп, елге оралуға дайын екені жөнінде хабарланған еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас