17.01.2025
Ресми: Виктор Мудрак - «Ордабасы» футбол клубының ойыншысы
Фото: ru.uefa.com
Молдова құрамасының қорғаушысы Виктор Мудрак «Ордабасы» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды.
Молдовалық футболшы 1994 жылы дүниеге келген. Спорттық мансабында сол елдің «Олимпия», «Верис», «Динамо-Авто», «Дачия», «Петрокуб», Арменияның «Алашкерт», Беларусьтің «Славия Мозырь», Грузияның «Сабургало» клубтарында доп тепті.
2019 жылдан бері Молдова құрамасы сапында ойын көрсетіп келеді.
Айта кетсек, былтыр «Петрокубта» бас бапкер қызметін атқарған Александр Мартин желтоқсан айында «Ордабасы» командасының тізгінін ұстады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас