17.01.2025
Универсиада-2025: Қазақстандық шаңғышылар келесі айналымға өте алмады
Туринде өтіп жатқан қысқы универсиада ойындарының төртінші жарыс күнінде, әйелдер арасында шаңғы жарыстарынан бәсеке өтті.
Классикалық спринт бойынша іріктеу кезеңінде отандастарымыз 1/4 финалға шыға алмады. Ширек финалға жолдама үздік нәтиже көрсеткен алғашқы 30 шаңғышыға беріледі.
Қазақстандық бұрымды спортшылардың арасында үздік нәтиже тіркеген – Лаура Қиныбаева. Лаура мәре сызығын отыз жетінші болып қиды (3:58.17). Алесия Бочкарева – 43 орын (4:03.56), Мария Геращенко – 45 орын (4:04.19) және Елизавета Толмачева – 47 орынға табан тіреді (4:04.35).
19 қаңтар – бұрымды шаңғышыларымыз командалық спринтте сынға түседі. Ал 21 қаңтарда – 4×75 шақырымдық эстафетада бақ сынайды. Отандастарымыз универсиада ойындарын 23 қаңтар 20 шақырымдық масс-стартта аяқтайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи