17.01.2025

Грузияда қазақстандық каратэ шеберлері екі жүлде алды

Грузияда қазақстандық каратэ шеберлері екі жүлде алды

Грузия астанасы Тбилисиде WKF каратэден Karate1 Series A турнирі өтті.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа маусымдағы алғашқы жарыста ұлттық құрама спортшылары екі жүлдеге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, 60 келіге дейінгі салмақта Жоламан Биғабыл финалда қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.
Мұнда Иран өкілі Мортеза Каримикелайемен жекпе-жек 1-1 есебімен аяқталған. Соңғы ұпайды Мортеза алғандықтан, бас жүлде соған бұйырды. Ал Еркінбек Байтуреев 67 келі дейінгі салмақта үздік үштікті түйіндеді.

Бұл турнирге барлығы 87 елден 1000-нан астам татами шебері жиналды. Келесі жарыс Ларнака (Кипр), Зальцбург (Аустрия) және Куала-Лумпурда (Малайзия) өтеді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас