18.01.2025
Ислам Махачев – Арман Царукян жекпе-жегі болмайтын болды
Армениялық файтердің арқа жарақатына байланысты Ислам Махачев (27-1-0) пен Арман Царукян (25-3-1) арасындағы жекпе-жек болмайтын болды.
Бұл туралы Дана Уайт әлеуметтік желісінде хабарлады.
Ресми ақпаратқа сенсек, Арманның орнына Ислам Махачевқа қарсы бразилиялық Ренато Майкано жекпе-жек өткізеді. Бұл текетірес UFC 311 турнирінің басты жаңалығы болмақ.
Еске сала кетейік, UFC 311 турнирі 18 қаңтардан 19 қаңтарға қараған түні АҚШ-тың Инглвуд қаласында өтеді. Аталмыш жекпе-жектерді біздің Telegram арнамыздан тамашалай аласыздар.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи