18.01.2025
«Ертіс» командасына жаңадан екі ойыншы қосылды
Фото: «Ертіс» футбол командасы
Павлодардың «Ертіс» командасының құрамына Рауан Орынбасар мен Әділхан Добай қосылды.
Рауан Орынбасар өзінің кәсіби мансабын 2015 жылы «Жетісу» клубында бастап, 158 матч өткізді. 2019 жылы Қазақстан Премьер Лигасында дебют жасады.
Қазақстанның ұлттық құрамасына, сондай-ақ U19 және U21 құрамаларына шақырылды.
Ал Әділхан Добай Шымкент футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабын «Академия Оңтүстік» жастар құрамында бастады. 2019 жылы «Ордабасы» клубына қосылып, сол жылы Қазақстан Премьер Лигасында дебют жасады. Қазақстанның U17, U19, U21 құрамаларында ойнады. 2024 жылы Қазақстанның Ұлттық құрамасына шақырылды. 2024 маусымын Талдықорғанның «Жетісу» футбол клубында өткізді.
Айта кетсек, бұдан бұрын павлодарлық команда тізгінін қазақстандық бапкер Қайрат Нұрдәулетов ұстады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас