18.01.2025
Бауыржан Исламхан жол-көлік оқиғасына ұшырады
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан отбасысымен жол-көлік оқиғасына ұшырады.
Бұл жөнінде футболшының әйелі Еркежан Талғатбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- Бұған байланысты жазу жөнінде көп ойландым. Көп адам біздің қайда кеткенімізді сұрады. Желтоқсан айының 15-нен 16-на қараған түні біз отбасымызбен жол апатына ұшырадық. Таңғажайып жағдайда аман қалдық, -деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас