18.01.2025
Әли Ахмедов техникалық нокаут арқылы жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (22-1, 16КО) бүгін Америка құрама штаттарында жекпе-жек өткізді.
Әлидің шаршы рингтегі қарсыласы америкалық Малколм Джонс (17-4-1, 10КО) болды. Супер жартылай салмақта өткен жекпе-жек 9 раундқа созылуы керек болған. Ал Әли Ахмедов қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіби карьерасындағы 23 жеңісін тіркеді. Ал Малколм Джонс мансабындағы бесінші жеңілісіне ұшырады.
Еске сала кетейік, Әли Ахмедов кәсіпқой бокста 1 мәрте ғана жеңілістің кермек дәмін сезген. Отандасымызды 2020 жылдың желтоқсан айында эквадорлық Карлос Гонгорой (22-3, 17КО) он екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи