18.01.2025
Бес голға - 454 миллион теңге: Артем Беседин «Ордабасыда» қанша табыс тапқаны белгілі болды
Фото: dynamo.kiev.ua
Украиналық футболшы Артем Беседин «Ордабасы» командасында ойын көрсеткен 1.5 жыл ішінде 454 миллион теңге (860 мың доллар) табыс тапқан.
Бұл жөнінде Footboom мәлім етті.
Украиналық футболшы команда құрамына 2023 жылы қосылды. Содан бері 24 кездесуде 5 гол соқты.
28-жастағы ойыншы үлкен футболдағы қадамын 2013 жылы Украинаның «Динамо Киев» командасында бастады. 2023 жылға дейін сол команда құрамында болып, арасында Украинаның «Металлист», Кипрдің «Омония» клубтарында доп тепті.
2016-2021 жылдарда Украина құрамасының сапында ел намысын қорғады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас