18.01.2025
Қысқы Азия ойындары: Қазақстан хоккей құрамасының ойын кестесі анықталды
7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін ІХ Қысқы Азия ойындарында шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының ойын кестесі белгілі болды.
Ел құрамасы А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд және Қытайлық Тайбэй.
4 ақпан. 13:00. Таиланд - Қазақстан
5 ақпан. 17:00. Қазақстан - Қытай
7 ақпан. 06:00. Қазақстан - Қытайлық Тайбэй
8 ақпан. 9:00. Жапония - Қазақстан
10 ақпан. 9:00 Қазақстан - Оңтүстік Корея
10 ақпанда плей-офф, 11 ақпанда ширек, 13 ақпанда жартылай финал өткізілсе, 14 ақпанда финал болады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас