20.01.2025

Неймар «Сантосқа» ауысуы мүмкін

Неймар «Сантосқа» ауысуы мүмкін

Әйгілі инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, Неймар «Сантосқа» ауысуға жақын.

Италиялық журналисттің берген мағлұматына сенсек «Сантос» Неймар үшін алғашқы ұсынысын жасап қойыпты. Енді бразилиялық клуб «Әл-Хиләлдың» жауап бергенін тағатсыздана күтіп отыр.

Неймардың Сауд Арабиялық клубпен келісімшарты осы маусымның соңына дейін есептелген. Осыған дейін басқа да басылымдар 32 жасар шабуылшыға америкалық «Интер Майами» көз тігіп отыр деп сан мәрте қауесет таратқан.

Еске сала кетейік, Неймар 2013 жылға дейін «Сантос» сапында доп тепкен. Одан кейін ойыншы «Барселонаға» ауысып, еуропа футболына қадам басқан болатын. Сондай-ақ ол мансабында «ПСЖ» және «Әл-Хиләл» сынды клубтардың намысын қорғады.

Ағымдағы маусымда бразилиялық шабуылшы Саудия про лигасында 2 матч өткізіп, нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмаған. Transfermarkt порталының мәліметінше Неймардың қазіргі нарықтағы құны 15 млн еуроны құрайды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас