20.01.2025
«Қайсар» жаңа маусымда тек қазақстандық футболшылармен ойнайды
Қызылордалық «Қайсар» командасы келесі маусымда легионерлермен ойнаудан түбегейлі бас тартты.
Бұл туралы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев мәлімдеді.
Осыған дейін бұл бастаманы «Ұлытау» мен «Оқжетпес» клубтары қолға алған еді.
Еске сала кетейік, «қасқырлар» QFL өткен маусымын 24 ойында, 34 ұпай жинап, сегізінші орында аяқтаған болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи