21.01.2025

Ресми: Әбдіқадыр Хусанов «Манчестер Сити» ойыншысы атанды

Ресми: Әбдіқадыр Хусанов «Манчестер Сити» ойыншысы атанды

Қос тарап 2029 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. «Ман Сити» 20 жастағы өзбекстандық қорғаушы үшін 40 млн еуро төледі.

Ағымдағы маусымда ол «Ланс» жейдесінде 16 матчта алаңға шығып, 1 нәтижелі паспен көзге түсті. Франциялық клубқа дейін ойыншы беларусьтің «Энергетик БГУ» командасында доп тепкен.

Әбдіқадыр Хусанов 2004 жылы Ташкент қаласында туған. 2020-2021 жылдарда өзбекстандық «Бунедкор» командасының жастар құрамында болды. 2022 жылы Беларусьтің «Энергетик-БГУ» клубына ауысса, 2023 жылдан бері Францияның «Ланс» клубында доп тепті.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас