21.01.2025

Қысқы Универсиада: Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы бесінші орын алды

Қысқы Универсиада: Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы бесінші орын алды

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Чехияны жеңіп, қорытынды турнир кестесінде бесінші орынға тұрақтады.

Қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті. Ел құрамасынан Олег Бойко (22-минут), Бейбарыс Оразов (31-минут), Денис Чапоров (44-минут) ижәне Семен Симонов (54, 55-минуттарда) мергендік танытты. Оған қарсыластар тарапынан Джошуа-Джеймс Маха (27-минут) және Йозеф Хасман (33-минут) екі голмен жауап қайырды.

Қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түсті. Қарсыластары - Канада, Чехия, Оңтүстік Корея және Швеция. 

Алдымен Швецияны 9:2, Оңтүстік Кореяны 7:1 есебімен жеңіп, одан кейін Канадаға 3:4, Чехияға 1:3 есебімен жол берді. Өз тобында жеті ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. 

Ширек финалда қазақстандық хоккейшілер Словакияға 1:2 есебімен жол берді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас