21.01.2025
Ағылшындық журналист Дастан Сәтпаевтың «Челсиге» ауысатынын растады
Фото: «Кайрат» футбол клубы
ВВС телеарнасының журналисі Низар Кинселла «Кайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың «Челси» академиисы құрамына қосылатынын растады.
«Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтпаев, ол 16 жаста, «Челси» академиясына қосылады, - деп жазды Кинселла Х әлеуметтік желісіне.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, лондондық клуб оған қатысты нақты шешім қабылдады. Енді алматылық және лондондық клубтар арасында трансферге қатысты іс-шаралар жүргізіледі.
Оның жаңа клубқа ауысуы алдағы аптада болады деп жоспарланып отыр. Дастан Сәтпаевтың жасы әзірге 18 жасқа келмеуіне байланысты қалай жүргізілетіні белгісіз.
Айта кетсек, еліміздің 19 жасқа дейінгі құраамсының шабуылшысы желтоқсан айында аталған клубта қаралымда болып қайтқан еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас