21.01.2025
Қысқы Азиада-2025: Керлингтен Қазақстан құрамасы Қысқы Азиадаға дайындыққа кірісті
Фото: curlingkz
Жақында жалауын желбірететін Қысқы Азия ойындары қарсаңында керлинг шеберлері соңғы дайындығын пысықтап жатыр.
Оқу-жаттығу жиыны Алматыдағы олимпиадаға даярлық орталығында өтуде. ОЖЖ 28 қаңтарда аяқталады.
Сары құрлықтың басты қысқы ойындарында ел құрамасының намысын қорғайтын керлингшілер.
Ерлер: Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа, Ермек Мұсайынов, Арман Ержанов.
Әйелдер: Ангелина Эбауер, Регина Эбауер, Тилсимай Аллиярова, Екатерина Колыхалова, Мерей Тастемір.
Аралас жұп: Азизбек Нәдірбаев, Әмина Кәкімжанова.
Еске сала кетейік, Қысқы Азия ойындары 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи