22.01.2025
Криштиану Роналду кезекті жетістікке жетті
«Әл-Наср» шабуылшысы 16-турда «Әл-Халидж» командасына қарсы өткен матчта (3:1) екі голдың авторы атанды.
Осы нәтижемен ол Сауд Арабиясы чемпионатының үздік сұрмергендер көшінде көш бастап тұр.
Айта кетсек, ол Криштиану Сауд Арабиясы Про-лигасының 12 турында «Дамак» қақпасына он бір метрлік айып добынан гол соқты.
Осылайша Роналду мансабындағы 200-ші пенальтиін орындап, 169-шы голын соқты.
Бір қызығы, Криш ең алғаш рет 2005 жылдың 30 қарашасында пенальти орындайтын мүмкіндікке ие болған. Бүгін соған 19 жыл толып, 200-шісіне қол жеткізіп отыр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас