22.01.2025

Australian Open: Амир Омарханов үшінші айналымға жолдама алды

Australian Open: Амир Омарханов үшінші айналымға жолдама алды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Амир Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты.

Жасөспірімдер арасында әлемнің 4-ракеткасы Омарханов екінші айналымда аустралиялық Юмерали Ибраимиді жарыс жолынан тайдырды.
Қазақстандық теннисші бірінші партияда 6:4 есебімен басым түсті. Амир екінші сетте есеп 5:2 болған мезетте матчқа доп бергенімен, сол мүмкіндігін мүлт жіберді. Дегенмен ойынды тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:3. 

Бәсеке 1 сағат 35 минутқа созылды.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Омарханов ширек финалға шығу үшін швециялық теннисші, 17 жастағы Виллям Режхтман Винцигаррамен кездеседі.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас