22.01.2025

Әбдіқадыр Хусановтың «Манчестер Ситидегі» жалақысы белгілі болды

Әбдіқадыр Хусановтың «Манчестер Ситидегі» жалақысы белгілі болды

Фото: «Манчестер Сити» ФК

Жақында ат басын Манчестерге бұрған өзбекстандық футболшы Хусановтың жаңа клубында табатын табысы жарияланды.

Журналист Нардзулла Сайдуллаевтің мәліметіне сенсек, 20 жасар қорғаушының «қалалықтар» құрамындағы жылдық жалақысы шамамен 3,5 миллион еуроны құрайды.
Есепке салсақ, Әбдіқадыр күніне 9,5 мың, аптасына 67 мың, ал айына 290 мың еуро табыс табады екен.

Осылайша Хусанов Өзбекстан футболы тарихындағы ең көп жалақы алатын ойыншы атанды. Бұған дейін бұл атақ Эльдор Шомуродовқа тиесілі болды. Эльдордың «Рома» сапындағы жылдық жалақасы 2 миллион еуроны құраған болатын.

Еске сала кетейік, өзбекстандық ойыншы жақында англиялық «Манчестер Сити» ойыншысы ретінде ресми түрде таныстырылды. Қос тарап 2029 жылдың соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойған болатын. Трансфер құны 40 миллион еуроны құрады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас