23.01.2025
«Манчестер Сити» қауіпті аймақта
Бүгін түнде Чемпиондар лигасының 7 тур ойындары аяқталды.
Тур басында орталық кездесу деп танылған «Парк де пренстегі» голға толы әрі тартысты түрде өткен кездесуде «ПСЖ-ның» айы оңынан туды.
Гол авторлары: 45+1' Хакими, 50' Грилиш, 53' Холанд, 56' Дембеле, 60' Барколя, 78' Невеш, 90+3 Рамуш.
Осылайша «Манчестер Ситидің» турнирмен қош айтысу қауіпі одан сайын күшейе түсті.
7-турдың екінші ойын күнінде аяқталған барлық ойындарда тіркелген нәтижелер:
«Лейпциг» 2:1 «Спортинг»
«Шахтер» 2:0 «Брест»
«Арсенал» 3:0 «Динамо Загреб»
«Милан» 1:0 «Жирона»
«ПСЖ» 4:2 «Манчестер Сити»
«Реал Мадрид» 5:1 «Зальцбург»
«Селтик 1:0 «Янг бойз»
«Спарта Прага» 0:1 «Интер»
«Фейеноорд» 3:0 «Бавария»
Айта кетейік Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің турнирлік кестесінде «ПСЖ» 22, «Манчестер Сити» 25 орындарға жайғасты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи