24.01.2025

Бокстан жастар арасында ел чемпионаты өтеді

Бокстан жастар арасында ел чемпионаты өтеді

22 жасқа дейінгі ерлер арасындағы бәсеке Талдықорған қаласында өткізіледі.

Бәсеке 12-19 ақпан аралығында «Жастар» спорт кешенінде болады. Шаршы алаңдағы жарыста 2003-2006 жылдар арасындағы спортшылар бақтарын сынамақ.

Жарыстағы нәтиже бойынша жастар құрамы жасақталады. Басты мақсат - келер жылы талантты жастарды ұлттық құрамаға қосу дейді ұйымдастырушылар. Жастарды ұлттық құрама тізгінін ұстаған Бақыт Сәрсекбаев дайындайтын болады.

Айта кетсек, жастардың ересектер арасына ауысып, өздерін жылдам танытуға мүмкіндік береді. Жоба бойынша, жастардың бұл құрамы ұлттық құрамадан бөлек, өз жоспары мен жарыс кестесіне сай дайындалады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас