25.01.2025

Қарағандыдағы «Шахтер» стадионы қайта жаңғыртудан өткізіледі

Қарағандыдағы «Шахтер» стадионы қайта жаңғыртудан өткізіледі

Фото: shakhter.kz

Биыл Қарағанды қаласындағы «Шахтер» стадионы қайта жаңғыртудан өткізіледі. Бұл мақсатта 1,4 млрд теңге бөлінеді. 

Жаңа маусымда «Шахтер» бірінші лигада ойын көрсетеді. Соған қарамастан команда құрамына қазақстандық жанкүйерлерге белгілі спортшылар қосылды. Олардың қатарында Олжа Керімжанов, Рафаиль Оспанов және Рифат Нұрмұғамбет, Юрий Перцух бар. 

Оған дейін команда құрамына қақпашы Игорь Шацкий, қорғаушы Михаил Габышев қайта оралды.  
Негізгі команданы жаңа маусымға чех жаттықтырушысы Иржи Ярошик дайындайды.

Иржи Ярошик – кәсіби футоблшы, ол Англияның (Челси құрамында), Шотландияның (Селтик құрамында), Чехияның (Спарта құрамында), Ресейдің (ЦСКА құрамында) чемпионы болған, испандық Примерде үздік ойын көрсеткен (Сарагоса мен Алавес құрамында). Жоғары дивизиялық еуропалық чемпионаттарда кәсіби клубтарды жаттықтыруға құқық беретін UEFA PRO лицензиясы бар. «Шахтерға» келгенге дейін Чехия, Словакия, Словения мен Ресей клубтарында жаттықтырушы болған.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас