28.01.2025

 ІХ Қысқы Азия ойындарын қай телеарна көрсетеді? 

 ІХ Қысқы Азия ойындарын қай телеарна көрсетеді? 

Фото: Sports.kz

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін Қысқы Азия ойындарын көрсету құқығына ие болды.

«Қысқы армандар, Азия жүрегіндегі махаббат» ұранымен өтетін Қысқы Азия ойындарын қазақстандық көрермендер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады.
Азия ойындарында 34 мемлекет спорттың 11 түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады. Оның ішінде конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, биатлон, керлинг, шаңғы жарысы, тау шаңғысы, фристайл, сноуборд, ски-альпинизм және хоккей секілді спорт түрлері бар.
Қазақстан құрамасы Қысқы Азия ойындарында сноуборд сайысынан басқа 10 спорт түрі бойынша 51 медаль жиынтығы үшін жүлдеге таласады. Ұлттық құрамада 137 спортшы бар.
Харбиндегі Азия ойындарында Қазақстанның Ту ұстаушылары – хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова болмақ.

Ашылу салтанаты «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен 7 ақпан күні көрсетіледі. Сайыстар кестесі қосымша жарияланады.

Бұған дейінгі Қысқы Азия ойындары 2017 жылы Жапонияда өтті. Қазақстан спортшылары жалпыкомандалық есепте 32 медаль жеңіп алып, төртінші орынға тұрақтады.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!