29.01.2023
Ярд VS Бетербиев: британдық боксшы жекпе-жектен кейін үндеу жасады.

Getty Images
Британдық боксшы Энтони Ярд ресейлік Артур Бетербиевке қарсы жекпе-жегінде жеңіліске ұшырағанына қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Sport12.kz тілшісі "Чемпионат" сайтына сілтеме жасап.
Титулдық жекпе-жек 29 қаңтарға қараған түні Лондондағы бокс кеші аясында өтті.
"Менің көңілім қалды және өз-өзіме де разы емеспін.
Бірақ, мен бар күшімді салдым. Мен мақсатымнан ешқашан айнымаймын және болашақта өз мансабымда үш белбеуді ұтып алғым келеді. Жекпе-жекке дайындық кезінде қолымнан келетін нәрсенің бәрін жасадым, бірақ тәжірибе кейде маңыздырақ болады екен", - деді Ярд.
