4 сағат бұрын
Садриддин Ахмедовтың қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (15-0, 13 КО) алдағы жекпе-жегі қай күні өтетіні белгілі белгіленді.
Ол 19 сәуірде Лос-Анджелес (АҚШ) қаласында мексикалық Элиас Эспадеспен (23-6, 16 КО) қолғап түйістіреді.
Былғары қолғап шебері бұдан бұрын Рафаэль Игбоквені жеңген еді.
Садриддин Ахмедов 1998 жылы қазіргі Түркістан облысы Жетісай қаласында дүниеге келген. Әуесқой бокста 2016 жылы жастар арасында әлем чемпионы атағын жеңіп алған.
2017 жылдан бері кәсіпқой бокста бақ сынап келеді.