4 сағат бұрын
Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды
Фото: sports.kz
Qazaqstyle (16:0, 11КО) 5 сәуір күні Астанада франциялық Анауель Нгамиссингеге (13:0, 8 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Жәнібек Әлімханұлы көктемде Қазақстанда жекпе-жегін өткізетіні белгілі болған еді.
Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, ESPN арнасындағы Top Rank бокс кешінде өз белбеулерін қорғауды жоспарлап отыр.
Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 4 қазанында өткізген болатын. Аустралия астанасы Сиднейде өткен бокс кешінде отандасымыз Андрей Михайловичті 9 ранундта техникалық нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.