Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

06.02.2025

«Реал Мадридтің» бұрынғы футболшысы кәсіби мансабын аяқтады

«Реал Мадридтің» бұрынғы футболшысы кәсіби мансабын аяқтады

Бразилиялық қорғаушы Марсело 36 жасында футболшы ретіндегі кәсіби мансабына нүкте қойды.

Бұл туралы ойыншы әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

Сол қаптал қорғаушысы кәсіби карьерасын бразилиялық «Флуминенсе» клубында бастаған. 2007 жылы «Реал Мадридке» ауысып, испаниялық клуб намысын 15 жыл қорғады. 2022-2024 жылдары грекиялық «Олимпиакос» сапында доп тепті. Ал мансабын түлеп ұшқан клубы «Флуминенсе» ойыншысы ретінде аяқтады.
Марсело — Чемпиондар лигасының 5 дүркін, Испан Ла лигасының 4 дүркін чемпионы. УЕФА Суперкубогы мен Испания Суперкубогын 3 рет жеңіп алған. Испания Кубогында 2 мәрте топ жарған. Сонымен қатар клубтар арасында 4 дүркін әлем чемпионы атанған.

Ал жалпы мансабында 721 ойын өткізіп, 58 гол соғып, 117 нәтижелі пас берген. Ойыншы ретінде 30 трофейді төбесіне көтерген.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»