Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

07.02.2025

Испанияның үздік қорғаушысы мексикалық «Монтеррейге» ауысты

Испанияның үздік қорғаушысы мексикалық «Монтеррейге» ауысты

Фото: dzen.ru

Испаниялық «Реал Мадрид» клубының белгілі қорғаушысы Серхио Рамос енді мексикалық «Монтеррей» командасында доп тебеді. 

Футболшы жаңа командасымен бір жылға келісімшартқа қол қойды. Ол жаңа клубына еркін агент ретінде қосылды. 

38-жастағы Серхио Рамос футболдағы алғашқы қадамын Испанияның «Севилья» командасында 2004 жылы бастады. Ал 2005-2021 жылдарда «Реал Мадрид» клубының намысын қорғаса, одан кейін Францияның ПСЖ, Испанияның «Севилья» клубтарында болды.

Ол 2005-2021 жылдарда Испания құрамасы сапында үздік қорғаушылардың бірі атанды.

Серхио Рамос жаңа клубында 93-ші нөмірлі жейдемен ойнайды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»