08.02.2025
Шаңғы жарысы: Константин Борцов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Фото: Нұрғали Жұмағазы/ҰОК баспасөз қызметі
IX Қысқы Азиада аясында шаңғы жарысынан сынға түскен Константин Борцов ел қоржынына қола жүлде салды.
Ерлер арасындағы классикалық спринтте жарыс жолына шыққан қазақстандық шаңғышы мәре сызығын үшінші болып, 2:58.28 минутта кесті.
Аталған бәсекеде Азия ойындарының алтын жүлдесі қытайлық Ван Цянға (2:56.19) бұйырса, жапониялық Харуки Ямашата (2:57.90) күміс медальмен күптелді.
Финалдық жарысқа қатысқан тағы бір отандасымыз Олжас Климин (2:58.90) бесінші орынды місе тұтты.
Еске салсақ, сары құрлық додасы Қытайдың Харбин және Ябули қалаларында 14 ақпанға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи