08.02.2025
Әбдіқадыр Хусанов «Манчестер Ситидегі» алғашқы голын соқты
Фото: Sport.Uz
Англия кубогының 1/16 финалы аясындағы «Лейтон Ориентке» қарсы кездесуде Әбдіқадыр Хусанов «Манчестер Сити» сапындағы алғашқы голын соқты.
Алаңға 46-шы минутта Витор Рейстің орнына алмасып шыққан өзбекстандық қорғаушы, 56-шы минутта гол авторы атанды. Рико Льюистің бағыттаған добы Әбдіқадырдың арқасына тиіп, қақпа торынан табылды.
Матч 1:2 есебімен «қалалықтар» пайдасына аяқталды. Осылайша манчестерлік клуб турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи