11.02.2025
Биатлон: Азия ойындарындағы үшінші алтын
Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды.
Бұл Қазақстан делегациясының қоржынына түскен 3-алтын медаль.
Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті. Тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.
Ал Әсет Дүйсенов 30:40.6 секунд тіркеп, 6-сатыға тұрақтады.
Александр Мухин (31:03.8 секунд) нәтижесімен 7-орында қалды.
Бүгін жекелей сында барлығы 33 спортшы жарысты.
Еске сала кетейік, Вадим Куралес 2023 жылғы Универсиаданың чемпионы және жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының 2 дүркін күміс жүлдегері атанған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов