Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

13.02.2025

Олег Болякин: Финалда кіммен ойнасақ та бәрібір

Олег Болякин: Финалда кіммен ойнасақ та бәрібір

Хоккейден ұлттық құраманың бас бапкері Олег Болякин Азия ойындарының жартылай финалындағы Қытайға қарсы матчты қорытындылады:

"Бірінші таймда бізде көптеген мүмкіндіктер болды. Бағаналарға да, маңдайшаға да тигіздік. Гол соға алмай ұзақ қиналдық. Жақсысы – гол соғып, матчты жеңіспен аяқтадық. Қытай да жайдан-жай гол соққан жоқ. Бірақ бұл ойын артта қалды, енді финалға дайындалып жатырмыз.

Егер олар бірінші болып гол соқса, сосын екіншісін... Біз жүз пайыз жеңеміз деп айта алмас едім. Олар қорғанысқа жатып алса, қақпаға жақындай да алмай, гол соға алмай қалар едік.

Олардың қақпашысы командасын сан мәрте құтқарды.

Финалға жолдама сарапқа салынғандықтан, шиенеліс жоғары деңгейде болды. Есеп те 6:1 емес еді. 2:1 болғанда Қытайдың қақпашысы қателесті. Шамасы, сонша көп соққыдан кейін шаршаған болар. Барлығы күресті, барлығы бар күшін салды, ешкім жеңілгісі келмеді. Сондықтан осындай есеп тіркелді.

Финалда кіммен ойнасақ та, бәрібір. Финал – финал. Ешкім жай ғана ойын өткізу үшін шықпайды".


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»