Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

13.02.2025

Нысана көздеу: Азия Кубогында Қазақстан бесінші жүлдеге қол жеткізді

Нысана көздеу: Азия Кубогында Қазақстан бесінші жүлдеге қол жеткізді

Бүгін Тайланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан нысана көздеуден Азия Кубогында Валерий Рахымжан күміс жүлдегер атанды.

Ол 10 метрден тапаншамен оқ атуда тұғыр сатысына көтерілді. Кеше осы жаттығуда Сейіл Малика мен Кирилл Федькин жұбы жасөспірімдер арасында 2-орыннан көрінген. Сосын, командалық есепте әйелдер командасы (Валерия Попелова, Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова) күміс жүлдеге ие болды.

Ал Қазақстан жасөспірімдер командасы (Рамазан Ынтықбай, Кирилл Цуканов, Кирилл Федькин) 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде чемпион атанған. Осы жас санатында Қазақстан әйелдер құрамасы 2-орынға тұрақтады. Жүлдегерлер - Малика Сейіл, Сәуле Әлімбек, Кристина Устинова.

Еске сала кетейік, Азия Кубогы 22 ақпанда мәресіне жетеді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»