Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

15.02.2025

Түркияда төрешілердің оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр

Түркияда төрешілердің оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр

Фото: ҚФФ

Түркияның Белек қаласында отандық төрешілерге арналған маусым қарсаңындағы оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр.

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.

Жиынның негізгі мақсаты – төрешілердің кәсіби деңгейін көтеру, халықаралық стандарттарға сай дайындау және ойын ережесіндегі өзгерістерді пысықтау. Жиын аясында төрешілер тобы физикалық дайындықтан өтіп, теориялық және практикалық сабақтарға қатысты. Оқу-жаттығу жиынына 26 бас төреші мен олардың 33 көмекшісі шақыртылған.

Екі аптаға созылатын дайындық УЕФА Төрешілер конвенциясының кураторы, чех маманы Радек Прихода мен ҚФФ төрешілер корпусының координаторы, тәжірибелі испандық маман Хуан Антонио Мариннің жетекшілігімен өтіп жатыр.

ҚФФ вице-президенті Давид Лория оқу-жаттығу жиынына қатысып жатқан төрешілерімен кездесіп, Төрешілер корпусы үшін УЕФА Конвенциясына сәйкес барлық ережелердің толық орындалуын қамтамасыз ету маңызды міндет екенін атап өтті.

Төрешілердің дайындық жиыны 20 ақпанға дейін созылады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»