Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

16.02.2025

Шорт-трек: Әлемдік турдағы қола жүлде

Шорт-трек: Әлемдік турдағы қола жүлде

Шорт-тректен 15-16 ақпан күндері аралығында Миланда (Италия) өтіп жатқан әлемдік турдың кезеңінде жігіттеріміз 5 000 метрлік қашықтықтағы командалық сайыста қола жүлдені жеңіп алды.

1-орын. Италия - 6:42.85

2-орын. Канада - 6:42.90

3-орын. Қазақстан - 6:46.08

4-орын. Қытай - 6:55.21

5-орын. Жапония - 6:57.70

Финалдық бәсекеде ұлттық құрама сапынан Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев өнер көрсетті.

Айта кетейік, бұл 2024-2025 жылы аралығында ұйымдастырылып жатқан әлемдік турдың кезеңіндегі екінші жүлдеміз.

Бұған дейін 2024 жылдың желтоқсан айында аруларымыз 3 000 метрлік қашықтықта да қола жүлдені жеңіп алған.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»