Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

17.02.2025

Ресми: Нұрдәулет Ағзамбаев «Қайсардың» шабуылын күшейтеді

Ресми: Нұрдәулет Ағзамбаев «Қайсардың» шабуылын күшейтеді

Фото: «Қайсар» футбол клубы

«Қайсардың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында қаралымда болған Нұрдәулет Ағзамбаевпен келісім шарт жасалды.

Нұрдәулет алматылық «Қайраттың» түлегі, клубтық мансабында «Қайрат Жастар», «Арыс», «Түркістан», «Жас Қыран», «Хан Тәңірі» командаларында доп тепкен.

Айта кетсек, биыл «Қайсар» командасы легионерлермен ойнаудан түбегейлі бас тартты.

Қазірге дейін қызылордалық ұжым қақпашы Нұрымжан Салайдин, қорғаушы Әділет Кеңесбек, Абылайхан Төлегенов, Қуаныш Қалмұратов, жартылай қорғаушы Думан Нәрзілдаев, Айбол Әбікен, шабуылшы Айбар Жақсылықовпен келісімшартқа отырды. 


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»