22.12.2024
Брейкингтен спортшыларымыз әлем чемпионатында қалай өнер көрсетті?
Брейкингтен 2024 жылдың 20-21 желтоқсанында Қытай Халық Республикасының Чэнду қаласында әлем чемпионаты мәресіне жетті.
Отандастарымыз өз шеберліктерін көрсетіп, Қазақстанның әлемдік брейк-данс аренасында лайықты орын алатындығын дәлелдеді.
Қазақстан ұлттық командасы жарысты келесі нәтижелермен аяқтады:
Диас Әубәкіров – топ-32
Шамиль Алишаев – топ-32
Руслан Сатыбалдин – топ-64
Николай Черников – топ-16
Саера Әлібекова – топ-32
«Самұрық-Қазына» АҚ мен «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорының қолдауы команданың жетістігінде шешуші рөл атқарды. Олардың көмегінің арқасында спортшылар жоғары деңгейде дайындалып, әлемдік аренада өздерінің шеберліктерін көрсетіп, жақсы нәтиже көрсетті.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов