18.02.2025

Қырғыз боксшысы Мунарбек Сейітбекұлы үздік деп танылды

Қырғыз боксшысы Мунарбек Сейітбекұлы үздік деп танылды

Бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, қырғызстандық Мунарбек Сейітбекұлы «UNDERDOG» номинациясын жеңіп алды. Аталған жүлдені қазақстандық «UNDERDOG sports» агенттігі ұйымдастырған.

Бұл номинация әдетте фавориттер қатарында жоқ, жеңіске жететініне үміт артылмаған, алайда сенсациялық нәтижеге қол жеткізген спортшыға берілетін марапат.

Дәл осындай үздік нәтижені 29 жастағы Мунарбек Сейітбекұлы тіркеді. Ол өз елінің атынан бапкерісіз Олимпиада ойындарына жалғыз өзі барған болатын.

Жарыс барысында боксшыға өзбек бапкері Акмал Хасанов көмектесті. Қырғыз спортшысы финалға дейін жетіп, шешуші кезеңде өзбек Абдумалик Халаковтан ұтылып, күміс медальға ие болды.

Осылайша Мунарбек Сейітбекұлы тәуелсіз Қырғызстан тарихында бокстан Олимпиада және Әлем чемпионатының жүлдесін алған алғашқы боксшы атанған еді.

Оның бұл жеңісінен кейін Қырғызстан Республикасы боксшыға Қырғызстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағын табыстады.

Әділ Ғалиахметов әлем чемпионаты жартылай финалына шықты

Басқа 38 минут бұрын

Әділ Ғалиахметов әлем чемпионаты жартылай финалына шықты

Данияр Елеусінов UFC президентімен келісімшартқа отырды

Бокс 3 сағат бұрын

Данияр Елеусінов UFC президентімен келісімшартқа отырды

Каратэден халықаралық турнирде ел намысын 13 спортшы қорғайды

Басқа 3 сағат бұрын

Каратэден халықаралық турнирде ел намысын 13 спортшы қорғайды

Еуропа лигасы: Ширек финалға қай командалар шықты

Футбол 4 сағат бұрын

Еуропа лигасы: Ширек финалға қай командалар шықты

Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

Теннис 5 сағат бұрын

Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші матчты жалғастырудан бас тартты

Теннис 5 сағат бұрын

Қазақстандық теннисші матчты жалғастырудан бас тартты