18.02.2025

«Ордабасы» президенті: Шымкенттегі стадион 40 жыл бойы жөнделмеген

«Ордабасы» президенті: Шымкенттегі стадион 40 жыл бойы жөнделмеген

Фото: «Ордабасы» ФК

«Ордабасы» презмденті Асхат Сейсембек Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның жөндеу жұмыстары туралы пікір білдірді.

— Қазір біздің стадионда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, нақтырақ айтқанда, алаңды ретке келтіріп жатырмыз. Автоматтандырылған суару жүйесі орнатылды, қазіргі уақытта көгал ауыстырылуда. Бұл алаң 40 жылдан астам уақыт бойы өзгеріс көрмеген. Ескі шөп жылдам және заманауи футболға сай келмеді. Сондықтан біз оны жаңартуға шешім қабылдадық. Сонымен қатар стадионның киім ауыстыратын бөлмесі жаңарып, физиокабинеттері бар қосымша бөлме, дәрігер кабинеті, сауна және үлкен жаттығу залы қосылады. Мұның барлығы ойыншылардың қалыпқа келуге және ойындарға толық дайындықпен қатысуға мүмкіндік береді.
Маусымды Түркістанда бастаймыз, ал сәуірдің ортасына қарай өз алаңымызға оралып, жаттығуды әрі қарай жалғастырамыз, — деп мәлімдеді Сейсембек.

Осыған дейін аталған стадион UEFA талаптарына сай келмеген еді.

Еске салсақ, шымкенттік клуб өткен QFL маусымын 24 ойында, 42 ұпай жинап, төртінші орында аяқтаған болатын.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»