19.02.2025
Нысана көздеу: Азия кубогындағы триумф
Нысана көздеуден 9-22 ақпан күндері аралығында өтіп жатқан Азия кубогы жарысында отандастарымыз жоғарғы шеберліктерін көрсетіп жатыр. Бүгінгі жарыс қорытындысы бойынша, жігіттеріміз 50 метр қашықтықтан 3 түрлі позициядан оқ ату жекелейде 1 алтын, 1 күміс алса, командалық сында чемпион атанды.
50 метр қашықтықтан 3 түрлі позициядан оқ ату
1-орын. Константин Малиновский - 457.4 ұпай
2-орын. Юрий Юрков - 456.4 ұпай
3-орын. Наойя Окада - 442.8 ұпай
Дәл қазіргі сәттегі жалпы жүлде рейтингісі:
1-орын. Қазақстан - 8 алтын, 8 күміс, 4 қола
2-орын. Оңтүстік Корея - 4 алтын, 3 күміс, 4 қола
3-орын. Сингапур - 3 алтын, 4 күміс, 2 қола
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов