19.02.2025

Алматыда конькимен жүгіруден Қазақстан кубогінің ақтық кезеңі өтті

Алматыда конькимен жүгіруден Қазақстан кубогінің ақтық кезеңі өтті

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

17-18 ақпан күндері биік таулы «Медеу» спорт кешенінде конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасы кубогінің ақтық кезеңі өтті. Жарысқа елдің бес облысы мен екі қаласынан 100-ден астам спортшы қатысты.

Бұл жөнінде Қазақстан конькишілер одағының баспасөз қызметі мәлім етті.
Конькишілер 500 м, 1000 м, 1500 м және 3000 м қашықтықтарда сынға түсті. Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Әйелдер, 500 метр

1 орын - Лифатова Алена (Павлодар обл.)

2 орын - Ильященко Арина (Павлодар обл.)

3 орын - Кузнецова Мария (СҚО)

Ерлер, 500 метр

1 орын - Бичуркин Дмитрий (Қостанай обл.)

2 орын - Бегімбетов Руслан (Қостанай обл.)

3 орын - Демура Денис (Қостанай обл.)

Әйелдер, 1500 метр

1 орын - Рымбек Айзада (Астана)

2 орын - Бачурина Диана (Астана)

3 орын - Жәрдембекқызы Енлік (Астана)

Ерлер, 1500 метр

1 орын - Теміржанов Құдайберген (Алматы)

2 орын - Зеленый Юрий (СҚО)

3 орын - Ольжабаев Жаслан (Қостанай обл.)

Әйелдер, 1000 метр

1 орын - Дауранова Алина (Астана)

2 орын - Ильященко Арина (Павлодар обл.)

3 орын - Лифатова Алена (Павлодар обл.)

Ерлер, 1000 метр

1 орын - Сатқожа Азамат (Астана)

2 орын - Демура Денис (Қостанай обл.)

3 орын - Молодых Никита (Алматы)

Әйелдер, 3000 метр

1 орын - Жәрдембекқызы Енлік (Астана)

2 орын - Новикова Варвара (Алматы)

3 орын - Седякина Анастасия (Қостанай обл.)

Ерлер, 3000 метр

1 орын - Тюлюгенов Алдияр (Астана)

2 орын - Қайырғазы Абылайхан (Астана)

3 орын - Мананков Павел (Қарағанды обл.)

Айта кетейік, 20-21 ақпан күндері Алматыда конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтеді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»