20.02.2025
Бейбіт Жұқаев Челленджер турнирінің ширек финалына шыға алмады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Ұлыбританияның Глазго қаласында өтіп жатқан Челленджер турнирін екінші айналымнан аяқтады.
Жарыстың 1/8 финалында Бейбіт Жұқаев (АТР: 221) Маттео Мартиноға (АТР: 278) жол берді.
Қос теннисші кортта 1 сағат 20 минут уақыт өткізді. Нәтижесінде франциялық теннисші отандасымыздан 0:2 (4:6; 4:6) есебімен басым түсті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи