21.02.2025
Еуропа лигасы ширек финалына шыққан барлық команда анықталды
Фото: fmf.md
Бүгін УЕФА Еуропа лигасы ширек финалына шыққан барлық команда анықталды.
Жарыстың аталған сатысында Түркияның «Галатасарай» клубы өз алаңында Нидерландтың «АЗ Алкмаар» командасымен 2:2 есебімен тең түсіп, доп додасын ерте аяқтады. Алғашқы ойында нидерландтық клуб 1:4 есебімен жеңіске жеткен еді.
Сондай-ақ, «Рома» (Италия) өз алаңында «Порту» (Португалия) клубын 3:2 есебімен тізе бүктірді. Екі команда алғашқы ойында 1:1 есебімен тең түскен еді.
Өзге ойындардың кестесі төмендегіше:
«Бодо-Глимт» (Норвегия) - «Твенте» (Нидерланд) 52 (бірінші ойын 1:2)
ФКСБ (Румыния) - ПАОК (Грекия) 2:0 (2:1)
«Виктория Пльзень» (Чехия) - «Ференварош» (Венгрия) 3:0 (0:1)
«Аякс» (Нидерланд) - «Юнион Сен-Жилуаз» (Бельгия) 1:2 (2:0)
«Андерлехт» (Бельгия) - «Фенербахче» (Түркия) 2:2 (0:3)
«Реал Сосьедад» (Испания) - «Мидтьюлланн» (Дания) 5:2 (2:1).
Енді олардың қатарына ширек финалда «Лацио» (Италия), «Атлетик» (Испания), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Тоттенхэм Хотспурс» (Англия), «Айнтрахт» (Германия), «Лион» (Франция), «Олимпиакос» (Грекия), «Глазго Рейнджерс» (Шотландия) қосылады. Бұл командалар негізгі кезеңде алғашқы сегіздікте болған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан